Текст
Целиноград ауданының № 14 орта мектебінде 29 - қазан күні "Қамқоршылар күні аталып өтті. Мектебімізде «Мейірімді жүрек» мерекелік іс-шараның жоспары құрылды.. Мақсаты- ата-ана қамқорынсыз қалған жетім-балаларды тәрбиелеуді қолға алған отбасыларға қолдау көрсету.Оған қамқоршылардың өзі Кирющенкова , сондай ақ мектебіміздің әлеуметтік педагогі Джазина Р.Ш. және 7 «Б» сынып жетекшісі Кунусбекова К.Б. қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шараны өткізу әлеуметтік жетімдіктің алдын алуда өз үлесін қоспақ және балаларға отбасы жылулығы мен қамқорлығын сезінуге көмектеспек.Онлайн түрінде мектебіміздің директоры Османова Р.Я. бейне құттықтауы көрсетіліп, алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.