«Целиноград ауданының №14 орта мектебі»КММ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілді.
28 қыркүйек күні мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Айдарбекова Айгүл Бахировнаның ұйымдастыруымен мектебіміздің шаруашылық жұмыскерлерін мектебіміздің директоры Османова Ризвангул Ясуновна мадақтама қағазымен марапаттап,құттықтады.
Мадақтама қағаздарымен Шаруашылық меңгерушісі Даръяа Аскербек,шаруашылық меңгерушісінің көмекшісі Кусаинов Мерген ,шарушылық жұмыскерлер Ермекова Кенже,Ерекеева Гульшат,Аргинбаева Гульжанат,Алпысбекова Айсулу,Курманова Хаят,Омарова Калдыкул және «Айгөлек» шағын орталығының күтушісі Искакова Асем мен мектебіміздің медбикесі Майер Татьяна марапатталды.