«Целиноград ауданының №14 орта мектебі»КММ
4 қазан –Мұғалімдер күніне арналған есеп
Мұғалімдер күнінде мұғалімдердің кәсіби мерекесімен құттықтап,білім алушылардың білімнің адам өмірінідегі маңызы туралы түсінігін арттырып,мұғалімнің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында қашықтықтан өткізілген мерекелік іс- шарамыз ойдағыдай өтті.Мұғалімдер күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген білім беру саласы қызметкерлерінің қазанның бірінші жексенбісінде атап өтіледі.Біздің мектебімізде 29 қыркүйектен 4 қазан аралығында «Ұстазым менің,ұстазым!» тақырыбында апталық өткен болатын.
25 қыркүйек күні жауапты мұғалімдер Шерьязданова А.К. мен Баттакова К.К. мектеп ішін безендіруден бастады.
28 қыркүйек күні Жас жол инспекторлары Ғалымжанов Мадияр,Галимова Анель,Ахмет Бақытжан,Мағапия Рауан,Джашибекова Аяна,Искаков Арлан,Жамбыл Аманияз мектеп табалдырығынан ұстаздарды жақсы музыкалық әуенмен қарсалып,әр ұстазды ерекше құттықтап,ашық хаттарды табыстады.Ватсап желісі арқылы «Мұғалім» туралы бейне жазылым ұсынылды.Оқушылар арасында 29 қыркүйектен 4 қазан аралығында «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбында ұсынылған бейне ролигтерінде «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік пән мұғалімі», «Шығармашыл ұстаз», «Ұлағатты ұстаз» номинациясы бойынша онлайн дауыс беру ұйымдастырылды.
Ұстаздарымыз онлайн дауыс берудің қорытындысы бойынша мына номинациялармен марапатталды.
«Үздік сынып жетекшісі» номинациясы бойынша:
7 «А» сыныбының сынып жетекшісі Балмағанбетов С.Ж.- 415 дауыс;
7 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Кунусбекова К.Б.-278 дауыс;
5 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Досжанов К.М.-258 дауыс.
«Үздік пән мұғалімі» номинациясы бойынша:
10 «А» сыныбының сынып жетекшісі Сәрсенбаева С.Ш.-235 дауыс;
6 «А» сыныбының сынып жетекшісі Джантасова А.К.- 228 дауыс;
8 «А» сыныбының сынып жетекшісі Айдарбеков М.Б.- 191 дауыс.
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша:
9 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Акпарова А.С.- 580 дауыс;
8 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Амирова Н.А.-198 дауыс;
5 «А» сыныбының сынып жетекшісі Кусаинова А.А.-189 дауыс;
4 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Баттакова К.К.-176 дауыс.
«Ұлағатты ұстаз» номинациясы бойынша:
6 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Рустемова Г.А.- 202 дауыс;
4 «А» сыныбының сынып жетекшісі Тәжібаева М.К.-199 дауыс;
2 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Капасова К.Б.-124 дауыс;
9 «А» сыныбының сынып жетекшісі Айдарбекова А.Б.-118 дауыс.
Ұстаздарына қолдау көрсетіп,белсенділік танытқан оқушыларымызға алғысымыз шексіз!
Бастауыш сыныптар арасында «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылған болатын.Осы сурет көрмесінде белсенділік танытқаны үшін 3 «А» сынып оқушысы Галимова Аяна,
«Б» сынып оқушысы Ким Валерия, 4 «А» сынып оқушылары Жәнібек Аяру,Сагдиев Мадияр,Жұмабек Ясин,Касымов Санжар,Қызыр Еңілік, 4 «Б» сынып оқушылары Исламова Ясмина,Доменко Светлана және «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі 8 «А» сынып оқушысы Капасова Назерке мадақтама қағаздарымен марапатталды.
«А» сынып оқушысы Жәнібек Қарақат «Ұстаздар әулеті- менің отбасымның мақтанышы» тақырыбында бейне көріністі ұсынып,мадақтама қағазымен марапатталды.
қазан күні № 14 орта мектебінің ұстаздар ұжымын Тасты ауылдық округінің әкімі Сабыров Ержан Мұхтарұлы және ата –аналар комитетінен Ахметжанова Багила,
1 «А» сынып оқушысы Мусабай Райана, Жанболат Ақтілек 1 «Б» сыныбының оқушысы Ли Демид,4«Б» сынып оқушысы Белявский Марьян,Аитимова Ляззат құттықтап,жылы лебіздерін білдірген бейнеқұттықтау ұсынылды.
2 қазан күні ұстаздарымызға арналған «Өзін—өзі басқару күнінен» өткен фото суреттер мен естеліктер көрсетілді.Мектебіміздің директоры Османова Р.Я ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады.