Ақпан айында "Жас Ұлан" ұйымының білім министрі Кушек Аянаның ұйымдастыруымен " Білімдегі дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп" тақырыбында оқушылардың ой-өрісін, білімін жетілдіру, дамыту мақсатында сөзжұмбақтар стенді құрылған болатын. Бастауыш сынып оқушылары белсенділік танытып, сыйлықтарға ие болды. Мектебіміздің директоры Османова Р. Я және оқу ісінің орынбасары Айбабина Б. Б және мектеп тәлімгері белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтарын табыстады."Ел ертеңі-білімді жастар" ұранымен барлық оқушыларды мектепте болып жатқан іс-шаралар мен сайыстарға белсене атсалысуға шақырамыз! Ал, сыйлық иегерлері 2"а" сынып оқушылары Галимова Аяна,Бахир Аяру және 3 "а" сынып оқушылары Жәнібек Аяру, Қызыр Еңілік оқушыларымызды құттықтаймыз!