18.10.2022
"Тасты ауылының ЖОББМ"КММ - де 7-9 сынып оқушылары арасында Тасты ауылдық округінің капитан полициясы Аукиров Т.Т. және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермуханбетов С.К ұйымдастыруымен нашақорлық, маскүнемдік, токсикомания ,құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың осы қылмыстық жағдайдың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау;