15.10.2022
12 қазан күні "Тасты ауылының ЖОББМ" КММ -не "Ақмешіт ауылының ЖОББМ"КММ -нің психологі және Целиноград ауданының орта білім беретін мектептерінің педагог - психолог тренері Балғожина Айбала Рустемовна аудандық көлемде балалардың өмірін қамтамасыз ету мақсатында "Бала қауіпсіздігі" тақырыбында конференция өткізді.
Конференцияға ата - аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысып, белсенділік танытты.
Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды.Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ.
Ата - ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.
Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-аналардың міндеті — баланы өрт кезінде, немесе күмәнді адамдармен кездесу сияқты қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстауы керек және не істеуі керек екенін түсіндіріп, үйрету.