17.09.2022
"Тасты ауылының ЖОББМ"КММ-де 15 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері Молдабаева А.С мен Аукирова А.Т ұйымдастыруымен " Тіл ұлттың жаны" онкүндігі аясында 3, 4 сыныптар арасында " Ана тілің - арың бұл" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері , салт - дәстүрі , діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін , дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.