14.09.2022
Мектебімізде жоспар бойынша аталып өтіліп жатқан тілдер мерекесіне орай 7-8 сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы өткізілді.
Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.
Сайысқа екі топ қатысты. Олар «Достық» және «Білімділер» тобы. Сайыс Мынадай кезеңдер бойынша өткізілді:
1. «Кім көп біледі?»
2. «Жалғасын тап»
3. «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.
4. .«Мағынаны түсіндір»
5. .«Даналық ойдан дән ізде»
6. .« Сөз тапқанға қолқа жоқ»
7. «Сурет бойынша мақал айту».
Барлық кезеңдерге оқушылар белсенді қатысты. Өздерінің тапқырлық,шешендіктерін көрсете білді.