ХАБАРЛАНДЫРУ!
01.09.19- 30.05.20 жыл аралығында Тасты ауылдық округінде «Қарттарға көмек көрсету» акциясы басталды. Акцияға 7-11 cынып оқушылары қатысады. «Жалын» еріктілер клубына өз еркімен тіркелем деушілер болса,есігіміз ашық.
«Жалын» еріктілер клубының мақсаты:Жалғызбасты қарттар мен зейнеткерлерге, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне көмек көрсету.
Аға тәлімгер: Байгужина К.Е
Мектепте «Жалын» командасы «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» нақыл сөзін ұстана отырып, әрқашан ауылымыздың жалғыз басты қарттары мен зейнеткер ұстаздарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, тыл еңбеккерлеріне қолғабыстарын тигізіп, көмек көрсетіп келеді. Осы мақсатта С.Мұқанов 12 көшесінде тұратын Алимжанова Рысты Мурзахметовна апамыздың үйіне барып, оқушылар қарттар мерекесімен құттықтап, құттықтау қағазын беріп, естелік суретке түсіп, үй шаруасына көмектесіп қолғабыстарын тигізіп қайтты. Рысты апа оқушыларға рахметін айтып, алғысын білдірді. «Жалын» тобы жаз, күз, қыс, көктем айларында қарт ардагерлерге қолғабыстарын тигізіп, көмектесіп отырады. Мектепке бекітілген әрбір ардагер қарттар әрқашанда бақылауда болып, ескерусіз қалмайды. Үлкенді сыйлауға, айтқандарын тындауға әрбір жас ұрпақ тиісті болса, оларға көмектесу, қамқорлық жасауда «Жалын» ұйымы белсене араласады.