7 қазаннан 11 қазан аралығында бастауыш сыныптар арасында "Алтын күз" аптылығы өтті. Жауапты 2 "А","Б" сыныптарының сынып жетекшілері Аукирова А.Т. және Какимжанова Л.А. болды. 7 қазан күні "Алтын күз" апталығының ашылуы және "Алтын күз бояулары" тақырыбында сурет көрмесінің сайысы ұйымдастырылып,оқушылардың салып келген суреттері ілінді.8 қазан күні "Менің сүйікті жыл мезгілім " тақырыбында шығармалар сайысына қатысқандардың шығармалары және күз мезгіліне байланысты әндерден "Ән" сайысы өтті. 9 қазан күні күзгі тағамдардан "Күз жәрмеңкесі" және оған қоса "Күз" тақырыбында "Үздік газет" байқау,әр сынып көкөністерге байланысты газетті шығарды және сол көкөністердің пайдасы туралы айтылды.10 қазан күні "Мәнерлеп оқу " сайысы және "Күз сыйы" көрме ұйымдастырылды. Көрмеге табиғат бұйымдар,аппликация,икебана тағы басқа бұйымдары қолданды.11 қазан күні "Әсем біздің арулар" сайысында күз мерекесіне орай сәнділеп тігілген киім үлгілері және әр түрлі материалдардан тігілгенділігі айтылды, көрсетілді.Апталықтың ең үздік деген номерлерден шағын музыкалық концерт болып,жеңімпаздар мараптталды. Әр сайыста әділ- қазылар сайланып,сайыскерлеріміз әділ бағаланып отырды.
Балалар күз мерекесінде өте қызықты мәліметтермен танысып табиғат бұйымдарынан жасалған заттарды тамашалады.