12.09-17.09.19 ж. аралығында 8-10 сынып оқушылары «Ұланбасы» болуға үміткерлердің құжаттары қабылданды.Үміткерді тіркеу келесі құжаттар арқылы өткізіледі:
Мектептік сайлау округі бойынша сайлануға үміткер өтініші;
Үміткердің өмірбаяны;
Ұстаздар,сынып жетекшісінен ,достарынан мінездемелері;
Мектеп Президентілігіне бес оқушы үміткер болып қатысты.Атап айтсақ, Тукеева Жұпар 9 "А" сынып оқушысы,Сабыр Қарақат 9 "А" сынып оқушысы, Әлқуатқызы Әйбат 8 "А" сынып оқушысы, Кушек Аяна 8 "Б" сынып оқушысы, Билялова Анель 8 "Б" сынып оқушысы қатысты.
14 қазан күні "Бүгінгі жас -ертеңгі ел тірегі " тақырыбында үгіт -насихат өтті.
15 қазан күні сағат 9 .25-тен 13.00- ге дейінгі уақытта мектеп президентінің сайлауы өтті. Сайлауға 33 мұғалім және 5-11 сынып оқушылары қатысты.Жалпы дауыс берушілер саны 159
Жалпы 152 адам дауыс берді.Оның 7 белгілі себептермен сайлауға қатыспады. Сайлаудың шешімі бойынша 52 дауыспен мектеп президенті болып Сабыр Қарақат, 38 дауыспен Тукеева Жұпар перезиденттің орынбасары , 35 дауыспен Билялова Анель денсаулық министрі, 15 дауыспен Әлқуатқызы Әйбат еңбек және мәдениет министру, 12 дауыспен Кушек Аяна білім министрі болып сайланды.