19.06.2022
17 маусым күні "Тасты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ - де 9 бен 11 сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестатты табыстау рәсімі өткізілді.2021-2022 оқу жылында 9 "А" сыныбында 15 түлек, 9 "Б" сыныбында 6 түлек,11 сыныпта 3 түлек мектеп табалдырығын аттағалы тұр.Төрт оқушыға үздік аттестат табысталды.
"Түлек- 2022" үлкен өмірге қанат қағып барасыздар. Қанаттарың талмай,биіктерге шырқап,жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңе тілектеспіз. Таңдаған мамандықтың мықты маманы, кәсіпқойы болыңдар! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте берулеріңізге тілектеспіз!