19.06.2022
17 маусым күні "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде "Табиғат аясына саяхат" күні өтті.Мектеп психологы Кульжанова М.Ж. психологиялық ахуалдан бастады.Бүлдіршіндеріміз бір- бірлеріне жылы лебізді тілектерін білдірді. Таңертеңгілік жаттығулар жасалды. Бүлдіршіндеріміз қарақшылардың кейіпіне еніп,сиқырлы сандық іздеуге шықты.
Мақсаты:балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, өздігінен салыстыруды, топтастыруды, өз ойының дұрыстығын дәлелдеуді үйрету.
Сиқырлы сандықты табу қарақшылар үшін үлкен күш болды, өйткені картаның әр қадамында логикалық тапсырмалар көп кездесті.Бірақ біздің қарақшыларымыз ұйымшылдық танытып,өздерінің тапқыр,білімді екендерін көрсете білді.
Табиғат аясына саяхатқа барған кезде өздерімен қандай зат алу керектігін және ол затты не үшін қолдану керектігін жақсы түсіндіре білді.
Мақсаты: баланың өзге затқа деген сезімін білдіруге үйрету, ынта-ықыласын дамыту. Кішіпейілділік, қамқорлық көрсетуді дағдыға айналдыру.
Қарақшыларымыз сиқырлы сандығымызды тауып,тәтті сыйлықтарға ие болып,мәз мейрам болып,ризашылықтарын білдірді.