«Целиноград ауданының №14 орта мектебі»КММ
Тілдер мерекесіне орай 05.09.2019-21.09.2019 ж.ыл аралығында өтілетін
Тіл-ұлттың тірегі» атты онкүндік і-шарасының есебі.
5 қыркүйек күні №14 орта мектебінде Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай «Тіл-ұлттың тірегі» атты онкүндігі салтанатты түрде ашылды.Ашылу салтанаты тіл мамандары үш тілде баяндама оқып,
5-20 қыркүйек арасында өтетін іс- шараның жоспарымен таныстырылды. Жиынға 1-11 сынып аралығында 200 оқушы қатысты.
Мектеп кітапханасында ҚР тілдер мерекесіне орай ,кітапханашы Калиева Арайлым Бауыржанқызының ұйымдастыруымен «Тілдер әлемінде» атты кітап көрмесі қойылды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жылқыбай Маржанның ұйымдастыруымен 10 қыркүйек күні «Латын графикасы көшу- рухани жаңғырудың басты бағыты» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға ұстаздар мен 5-11 сынып оқушылары қатысты.Есімбек Ербол «Латынға көшу-бар қазақтың басын біріктіру»,Жайлаубай Жанерке «Латынға көшудің басты мәселесі»,Досағанова Нұргүл «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыптарында баяндамаларын оқыса,Тукеева Жұпар «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстыру»тақырыбында презентация көрсетті.Латын тілінде мәтінде оқылды.
Тыңдаушылар арасында тақырыпқа сай оқушыларға сұрақтар да қойылды және ұсыныстар да айтылды.Айта кетсем:
Мектепте оқушыларға «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы»екендігін насихаттайтын еріктілер топтарын құру.
Латын әрпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою.
Осы жобаны жүзеге асыру мақатында түрлі іс-шаралар,байқаулар ұйымдастыру. (шығарма,жазу,өлеңдер байқауы).
Сабақтарда ай күнді,тақырыпты латынша жазып бастау.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айдарбекова Айгүл Бахирқызының ұйымдастыруымен 11 қыркүйек күні Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесінен үзінді алынған танымдық сабағы өтті. Сабаққа ұстаздар мен оқушылар қатысты.Оқушылар повестен кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы шағын көрініс көрсетіп,баяндап берді. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайтығын туралы айтылды және Қожа фильмінен үзінді көрсетілді.
Ағылшын пәнінің мұғалімі Кунусбекова Қымбат Батырғалиқызының ұйымдастыруымен 12 қыркүйек күні ағылшын тілі пәнінен «Ауа райы» тақырыбында танымдық сабағы өтті. 4 сынып оқушылары белсенділік танытты.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Джантасова Айнұр Калкашқызының ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні қазақ тілі пәнінен «Мемлекеттік тіл- менің тілім» тақырыбында интеллектуалдық сайыс сабағы өтті. 5-6 сынып оқушылары мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын,белсенділігін көрсетті.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Джазина Роза Шаяхметовнаның ұйымдастыруымен 16 қыркүйек күні «Жизнь и творчество Ахмета Байтурсунова» ашық сабақ өтті. 6 сынып оқушылары белсенділік танытты. Сабақта оқушылар ақынның өмір жолынан мәліметтер келтіріп, өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.
17 қыркүйек күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе»атты ашық сабақ жоғарғы сынып оқушыларының арасында өтті. Ұлы ақынымыз- Абай Құнанбаевтың өлең жолдары айтылып, қара cөздері оқылып,көрініс сомдалды. Қонаққа ата-аналар,ұстаздар қатысты.
Орыс сыныптарында орыс тілі пәнінің мұғалімі Нугуманова Сауле Амангелдиновна 5-6 cыныптары арасында «Жизнь и творчество Абая Кунанбаева» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта ақынның өмірінен бейнеролик көрсетілді.Оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.
Бастауыш сыныптары арасында «Өлеңге әркімнің бар таласы» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары ақын жазушылардың өлеңдерін қазақ ,орыс ,ағылшын тілдерінде оқыды. Іс- шарада балалар белсенділік танытып,ата-аналар қонаққа келді.
Мектебімізде ҚР Тілдер мерекесіне орай өткізілген «Тіл- ұлттың тірегі» атты онкүндіктің жабылуы өтті. Мереке мектеп директоры Османова Р.Я. құттықтау сөзімен басталды.Қорытынды кеште ақын- жазушылардың өлеңдерінен үзінді оқылып, күй тартылып,би биледі. Онкүндік барысында үздік шыққан оқушылар марапатталды.Көріп тамашалаған ата- аналар ризашылықпен тарасты.