Мектебімізде 20-27 сәуір аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Құстар -біздің досымыз» атты сурет байқауы өтеді.
Байқау мақсаты: Оқушылардың табиғат жайлы түсініктерін тереңдету, құстардың алуан түрлерімен таныстыру және табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, құстарды қорғауға шақыру.
Байқау талаптары:
• Суретті қалаған материалда орындауға болады (альбом, қағаз, қатырма (картон), мата және т.б.) және кез келген техникамен салынған (майлы бояу, акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар және т.б.) болуы мүмкін.
• Жұмыстар А4,А6 бетінде салынған болуы керек.
• Бір қатысушыдан қабылданатын суреттер саны – 1 данадан артық болмауы қажет.
Барлық қатысушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Жауапты: Тәлімгер Байгужина К.Е