21.03.2022
17 наурыз күні бастауыш сыныптар арасында Ұлыстың ұлы күні "Наурыз думан" атты іс -шарасы аталып өтті. Ұлы мерекені мектеп қабырғасында атап өтудегі басты мақсат салт-дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу.Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида.Наурыз мейрамында мектебіміздің оқушылары айрықша дайындалып, өнерлерін ортаға салды.Сегіз қырлы ,бір сырлы балалар өлең айтып,ән салып,би биледі.Ал,ұстаздарымыз қазақтың ұлттық тағамдары: жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көже мен бауырсақтарды пісіріп ,ыстықтай көрермендерге дәм татқызды.Ұйымшылдық танытқан әріптестеріміз ұлттық тағам - бешбармақтың да жасалу жолын көрсетіп,майлы ақ дастархандарының қадірлі қонағы болуға шақырды.Оған қоса аластау,тұсау кесу,бесікке салу салт - дәстүрлерін насихаттады.Наурыз мейрамына келген Қыдыр атамыз барлық жанға ақ батасын берді.