Текст
17-18 - наурыз 2022 ж. Ұлыстың Ұлы күніне арналған "Қош келдің,Әз - Наурыз!" атты мерекелік іс-шаралардың бастамасын тәтті бауырсақ таратудан бастадық.Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы ,ырыс пен берекенің арқауы болған "Әз- Наурыз" құтты болсын! Бұл күндері жақсы тілек тілеу,құттықтау,кешірім жасау,табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады.Наурыздың айырықша тәлім-тәрбиелік ,үлгі-өнегелік,сән-салтанаттық мәрт - жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным -ұғымдарының үлгілері өте көп.Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырымдылыққа,мейірім мен шапағатқа баурайды.