"Тасты ауылының ЖОББМ"КММ 1 сынып оқушылары 1 мамыр-Халықаралық бірлік күніне орай Республикалық біріңғай "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатырана 1 сынып оқушылары қабылданды.
Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отанын – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елін, жерін, Отанын мақтаныш етуге;
Ата-анасын қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарынан талап етуге ант етіп,көгілдір түсті галстук пен төсбелгілері тағылды. Жалпы 11 оқушы қабылданды.""Жас қыран ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!