Текст
Бұрымды қыз...
Тәрбие — ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруда 2024-2025 оқу жылының басында "Тасты ауылының ЖОББМ" КММ-де «Бұрымды қыз" байқауы ұйымдастырылды. Бұрым — қыздардың бойындағы жинақылық, сұлулық, тазалық, ибалылық қасиеттерімен бірге ұлтымыздың ерекшелігін көрсетеді
"Бұрымды қыз" байқауына қатысқан арулар мадақтама қағазымен марапатталды және тәтті сыйлықтар берілді.
#біртұтастәрбие
#бұрымдықыз
#өзінөзібасқаруұйымы
#мектеппарламенті
#жасұланұйымы
#ағатәлімгер